Қостанайда жаңа заманауи медициналық орталық ашылды. «Ai-MED» клиникасында бір ғимараттың ішінде ондаған білікті маман, жоғары дәлдіктегі Ультра дыбыстық зерттеу аппараты, әлеуметтік медициналық зертхана және эстетикалық медицина дәрігерлері жұмыс істеп, тұрғындарға түрлі спектрдегі көмек көрсете алады. Жаңа орталықтың мүмкіндіктерімен алғашқылардың бірі болып біздің тілшіміз танысып қайтты.

Клиниканың ашылуы жай ғана ресми шара емес, жергілікті тұрғындар үшін шағын мерекеге айналды. Жаңа медициналық орталық қонақтарын жылы атмосферада дәрігерлермен ғана емес, жанды музыка және мерекелік дастарханмен де қарсы алып, ерекше көңіл күй сыйлады.