Тың идеялар мен тиімді әдіс-тәсілдер, авторлық бағдарламалар мен инновациялық жобалар. Елімізде педагогикалық идеялар панорамасы байқауы басталды. Оған Қазақстанның барлық өңірлерінен мұғалімдер қатыса алады. Байқау ұстаздардың шығармашылық әлеуетін арттырып, заманауи білім беру үдерісіне жаңа серпін беруді мақсат етеді.

Атаулы конкурс негізінен 8 бағыт бойынша өтеді. Әр бағыттың өз критерийлері болады. Ең бастысы-идеяда автордың өз үлесі көп болуы керек. Және соңғы өнімділік яғни сапалы нәтиже болуы шарт.