Албанияның Тирана қаласында өткен халықаралық рейтингтік турнирде ел намысын қорғаған қостанайлық спортшы Лаура Әлмағанбетова елге оралды. Жерлесімізді туған-туыстары, жанкүйерлер және спорт саласының өкілдері салтанатты түрде қарсы алды.
Албанияның Тирана қаласында өткен халықаралық рейтингтік турнирде Лаура Әлмағанбетова өзінің мықтылығын толық көрсетті. Барлық қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, финалда украиналық Лилия Маланчукты жеңді. Осы жеңісі арқылы Лаура Қазақстанға турнирдегі алғашқы алтын медальді әкеліп, халықаралық аренада еліміздің намысын биікке көтерді. Бұл – еліміздің турнирдегі алғашқы алтын медалі.