Астықты алқап агрокешен әлеуетін әлі де толық пайдалана алмай келеді. Бұл туралы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен өткен жиында облыс әкімі айтты. Құмар Ақсақалов егіс алқаптарын әртараптандыру, дәнді уақтылы сіңіру, мемлекеттік қолдауды тиімді пайдалануға қатысты нақты тапсырмалар берді.

Соңғы жылдары аймақта бидай егісінің көлемін азайтуға басымдық берілуде. Оның орнына күнбағыс, зығыр, арпа және бұршақ дақылдарына сұраныс артып келеді. Соңғы үш жылда майлы дақылдардың көлемі 36 пайызға ұлғайтылған. Биыл өңірде 5 миллион гектардан астам жерге дәнді - дақылдар егу жоспарланып отыр.