Референдум күні қостанайлықтар таңдау жасау үшін облыс бойынша 717 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді.
Барлық учаскелер таңғы сағат 7-де ашылады. Референдумды өткізу және ұйымдастыру жұмыстарына 4388 комиссия мүшесі қатысады. 27 ақпаннан бастап барлық референдум өтетін учаскелерде сайлаушылар тізімі тексерілді. Ал №20 сайлау учаскесінде 2300 адам дауыс береді.