«Жаңа Конституция - халықтық құжат». Батыс Қазақстан облысына барған ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бастаған Жалпыұлттық коалиция мүшелері осы идеяны насихаттады. Коалиция құрамындағы депутаттар, заңгерлер, сарапшылар жұртшылыққа жаңа Ата заң жобасындағы әрбір бапты жіліктеп түсіндірді. Ксм: Жалпыұлттық коалиция мүшелері, алдымен, зиялы қауым, азаматтық қоғам өкілдерімен кездесті. Олардың пікірінше, жаңа Конституция жобасы әр азаматтың құқығын айқындап қана қоймайды. Нақты міндеттер жүктейді. Зиялы қауым заңдылықты сақтауда жауапкершілікті сезінеді.