«Тасымалдаушы». Облыста осындай атаумен жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Полицейлердің мәліметінше, тек екі күннің өзінде адамды заңсыз тасымалдаудың 545 фактісі тіркелген. Негізгі мақсат - жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жолаушылар тасымалы қауіпсіздігін арттыру

Рейд барысында полиция қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Тәртіп сақшылары қоғамдық көліктерді, қалааралық автобустарды және такси қызметін жүзеге асыратын автокөліктерді тексеріп жатыр. Негізгі назар тасымалдаушылардың қызметінің заңдылығына, қажетті рұқсат құжаттарының болуына және көліктердің техникалық жағдайына аударылған.