Қостанай ауданында 100 оқушыға шақталған жаңа мектеп ашылды. Бұл ауыл тұрғындарының көптен күткен қуанышы. Білім ошағының құрылысына 1 млрд теңгеден аса қаражат жұмсалған. Салтанатты іс-шараға облыс әкімі арнайы қатысып, мектеп ұжымы мен оқушыларға жылы лебізін білдірді.
Су жаңа мектеп Қостанай ауданының Еңбек ауылында бой көтерді. Бұған дейін оқушылар 1962 жылы салынған ғимаратта білім алған еді. Ол заман талабына сай болмады, дейді тұрғындар. Енді жеткіншектер жайлы, жылы әрі кең мектепте оқымақ. Мұнда оқушылардың білім алып, мұғалімнің сабақ беруі үшін бар жағдай жасалған. Қуанышқа кенелген жандарды Құмар Ақсақалов құттықтады.