Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту және ұлттың денсаулығын нығайту туралы тапсырмасын орындау үшін, облыста спорт инфрақұрылымдарының саны жоспарлы түрде ұлғайып келеді. Саланы қаржыландыру да жыл сайын артуда. 2022- жылы 8 млрд теңге жұмсалса, биыл 31 млрд теңге бағытталуда, өсім 3 есе. Спортпен айналысатындар саны да айтарлықтай артып жатыр. 2022- жылы 348 мың адам болса, қазіргі уақытта 384 мың адам саламатты өмір салтын ұстанады, өсім 10,2%.
Салынып жатқан спорт объектілерінің де саны артты. Үш жыл ішінде 30-дан астам жаңа нысан ашылды. 15 денешынықтыру-сауықтыру кешені, 8 спортзал, 4 жабық хоккей корты, 2 стадион мен атқа міну манежі және бассейн. Былтыр жаңғыртудан кейін «Трудовые резервы» спорт кешені өз қызметін бастады. Облыс орталығында аквапаркті қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Нысанның ашылуы қала тұрғындарын бұқаралық спортқа тартуға және азаматтардың денсаулығын нығайтуға ықпал етеді.