Қостанайда ірі көлемдегі алаяқтық дерегі бойынша сот үкімі шықты. Күдіктілер темекі өнімдерін сатамыз деп алдап, сатып алушыларға жалған тауар ұсынып, ірі көлемде шығын келтірген.

Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, сотталушылар темекі қораптарының ішіне пенопласт салып, барлығы 78 жалған қорапты сатып жіберген. Тауар үшін ақшаны алғаннан кейін олар оқиға орнынан бой тасалаған. Келтірілген жалпы шығын көлемі 15 миллион теңгені құрады. Іс сотта жан-жақты қаралып, барлық айыпталушылар кінәлі деп танылды. Сот үкімімен оларға 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.