Көктемнің әр күні жылға азық. Өңір диқандары дала жұмыстарына қызу дайындық үстінде. Облыс орталығында «АгроҚостанай - 2026» көрмесі ұйымдастырылды. Онда шаруалар қауымы өнімділігі жоғары заманауи техникалардың артықшылығымен танысты. Шараға Қазақстан, Ресей, Татарстан және Белорус елдерінің жетекші компаниялары қатысты.