Тобыл қаласындағы «Астана» шағын ауданының тұрғындары қоныс тойын тойлап жатыр. Бұл жолы 43 отбасы баспаналы болды. Пәтерлердің дені әлеуметтік осал топтағы азаматтарға табысталған. Аймақ басшысының сөзінше, өңірде соңғы 3 жылда баспана құрылысы қарқын алып, 9 пайызға артты. Құмар Ақсақалов жаңа қонысқа ие болған жанұяларды құттықтап, оларға пәтер кілтін табыстады
Қостанай ауданына іргелес «Астана» шағын ауданының алғашқы кірпіші 2024 жылы қаланды. Міне, содан екі жыл ішінде мұнда 10 үйдің құрылысы аяқталып, 450 заманауи пәтер қолданысқа енгізілді. Тағы 13 баспана салынып жатыр. Жоспар бойынша шағын ауданда 154 көпқабатты тұрғын үй болады. 60 мыңнан аса азамат тұрақты баспанамен қамтылады, деді облыс әкімі