Бүгін Қостанай облысының әкімдігі мен ұялы байланыс операторы маңызды меморандумға қол қойды. Өзара келісім бойынша биыл облыс аумағында 60-тан аса базалық станция салынады. 20-дан аса станция қайта жаңғыртылады. Соның арқасында өңірдегі жоғары жылдамдықты, сапалы интернетпен қамтылған елді-мекендердің қатары көбейе түспек.