Ертегі әлеміне енген бүлдіршіндер таңғажайып оқиғаларға тап болып, қуанышқа кенелетін бірден бір орын - қуыршақ театры. Тынымсыз еңбек, шығармашылық ізденіс, сан мыңдаған қойылым, миллиондаған балғын күлкі. Қиял мен шындықты тоғыстырған, талай буынның балалық шағына шаттық сыйлаған қасиетті өнер ордасына - 40 жыл! Осы уақыт ішінде театр сахнасында ертегілер сөйлеп, кейіпкерлерге жан бітіп, жақсылық пен ізгілік салтанат құрды. Балалық шақтың бал дәуренін Гүлім Қажымқызы еске түсіріп, ертегілер еліне саяхаттады.