Боран және аязды күндері жолдың жабылып, көлік қозғалысына шектеу қойылғаны туралы хабарламаны елемеген жүргізушілер жауапқа тартылады. Әкімшілік полиция осылай деп ескертеді. Қостанай облысында биыл қыста Төтенше жағдайлар қызметі 75 авариялық-құтқару операциясын жүргізген. Көбі жолда қар құрсауында қалған жолаушылар.