Жаңа оқу жылынан бастап өңіріміздің түкпір-түкпірінде 60 бейінді сыныптар жұмыс істей бастады, оның ішінде агросыныптар ерекше орын алады. Бастама оқушыларды ауыл шаруашылық негіздері мен аграрлық мамандықтармен таныстыруға бағытталған. Айта кетсек, Қостанай облысы бұл пилоттық жобада Республика бойынша алғашқы төртікке енді. Бұл ең алдымен астықты аймақтың ауыл шаруашылық саласына қажетті кадрларды даярлау қажеттілігімен байланысты.