Осы жылдың он бесінші наурызында еліміздің жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша республикалық референдум өтеді. Осыған орай облыс орталығындағы ірі сауда және ойын-сауық кешендерінің бірінде депутаттар мен қоғамдық кеңес мүшелерінің ұйымдастыруымен үгіт-насихат жұмысы жүргізілді. Мұндағы мақсат - халықты ел өміріндегі елеулі оқиғадан қалыс қалдырмау, мемлекет үшін маңызды шешім қабылдауға шақыру. Осы ретте тұрғындарға арналған референдум тақырыбындағы түсіндіру жұмыстарының мәні зор.