Президенттің 2026-шы жылдың 15-ші наурызына белгіленген республикалық референдум өткізу туралы Жарлығына сәйкес, Қостанайда «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты жалпыұлттық коалициясы мүшелерінің қатысуымен өңірлік іскер әйелдер форумы өтті. Іс-шара мақсаты – жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін түсіндіру және оның мемлекеттілікті нығайтудағы, заң үстемдігін қамтамасыз етудегі және азаматтардың мүмкіндіктерін кеңейтудегі стратегиялық мән-маңызын талқылау.

Өңірлік форумға жүзден астам кәсіпкер әйелдер, қоғамдық ұйымдар мен азаматтық қоғам өкілдері қатысты. Басқосу барысында қатысушылар конституциялық реформалардың кәсіпкерлікті дамытуға, азаматтардың құқықтарын қорғауға және еліміздің қоғамдық-саяси өміріне азаматтардың белсенді қатысуына оң жағдай тудыратынын атап өтті. Кездесуде сөз сөйлеген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Жалпыұлттық коалиция мүшесі Екатерина Смышляева жаңа Конституцияның тарихи маңызына тоқталды.