«Қазақ тілі мен әдебиеті пәндеріне театр өнерінің ықпалы». Қостанайда осы тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Педагогтар мен театр мамандары шығармашылық әдістер арқылы оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту жолдарын талқылады. Қатысушылар театр элементтерін сабаққа енгізу оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыратынын алға тартып отыр.