Президентіміз көтерген халықаралық волонтерлар жылын жариялау туралы бастама Біріккен ұлттар ұйымы тарапынан қолдау тапқан болатын. Бұл, волонтерлық қозғалысқа серпін беріп қана қоймай, еліміздің абыройын да асқақтатты. Төрткүл әлем қазақ елімен санасатынын көрсетті. Қостанайда өткен салтанаты ашылу рәсімінде қостанайлық еріктілер бұл бастамаға қуанып жатқандарын жеткізді.