Оның есімі өңірдің көркемөнер саласында айрықша орын алады. Әр туындысы ізденіс пен қажымас еңбек үлгісі. Қостанайда облыстық көркемсурет галереясында Георгий Соковты еске алуға арналған «Өмірі өнермен өрілген» атты көрме ашылды. Толығырақ келесі бейнематериалда. 

Ізденістен басталған алғашқы шығармашылық қадамдар, философиялық мазмұнға толы кенептер. Ұсынылған еңбектердің бәрі Георгий Соковтың өмір жолының айнасы іспеттес. «Өмірі өнермен өрілген» атты көрме қылқалам шеберін еске алуға арналды.