Күн райының боранды болып, қардың қалың жаууы жабайы аң-құстардың қоректенуіне кедергі келтіруде. Сондықтан Қостанай облысының аумағында орманшылар жылдағы жоспарға сай жұмыс атқарып жатыр. Бұл шаралар наурыз айына дейін жалғасады.

Мамандар бұл аумаққа соңғы рет желтоқсан айында келген. Қазіргі таңда көктемгі кезеңге дайындық жүріп жатыр. Оның негізінде арнайы жерлерде жануарларға азық жеткізіледі.