Облыста алдағы күндері ауа райы күрт құбылмалы болады. Синоптиктердің болжамынша, өңірде сынап бағанасы төмендеп, жауын-шашын мөлшері артады. Қар аралас жаңбыр мен көктайғақ жол қозғалысын қиындатуы мүмкін. Мамандар тұрғындарды сақтық шараларын ұмытпауға шақырады.
19 ақпаннан бастап түнгі уақытта ауа температурасының айтарлықтай төмендеуі күтіледі. Ал 20–28 ақпан аралығында облыс аумағында қар аралас жаңбыр жауып, соңы көктайғаққа ұласуы ықтимал. Әсіресе оңтүстік және солтүстік аудандарда жауын-шашын көлемі нормадан жоғары болады деген болжам бар