Қостанайлық дәрігерлер инфарктқа ұшыраған ер адамды аман алып қалды. Науқас Жангелдин ауданынан санавияция бортымен облыстық ауруханаға ауыр хәлде жеткізілген. Ол Торғай ауылына балық аулауға барған. Оқиғаның мән-жайын тілші тарқатады.
Қуаныш Қиалбеков – Қостанай қаласының тұрғыны. Осыдан тура бір апта бұрын Жангелді ауданы, Торғай ауылына балық аулауға барған. 47 жастағы азамат жолға шығарда өзін жайлы сезінгенін айтады. Ауырсыну болмаған. Алайда, балық аулап отырған сәтінде тыныс алуы нашарлап, есінен танып қалған.