2026 Қысқы параолимпиада ойындарына қатысатын Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы анықталды. XIV Қысқы Паралимпиада 6–15 наурыз аралығында Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді. Қостанай облысынан үш бірдей спортшы ел намысын қорғайды.

Қостанайлық параспортшылар қысқы Паралимпиадада пара шаңғы жарысы мен пара биатлон бойынша сынға түседі. Еліміздің атынан жарыс жолына шығатындар жерлестеріміз: Юрий Березин – пара шаңғы жарысы және пара биатлон, Нұрлан Алимов – пара шаңғы жарысы, Анна Грачова – пара шаңғы жарысы Қазіргі уақытта спортшылар бапкер Ермек Ормантаевтың жетекшілігімен оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Дайындық жоспары халықаралық талаптарға сай ұйымдастырылған.