Биыл Қостанай қаласында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың 4 оқиғасы тіркелген. Мамандардың айтуынша, отбасылық жанжалдардың негізгі себептері – қызғаныш, қаржылық қиындықтар және ішімдікке тәуелділік.
Өкінішке қарай, тұрмыстық зорлық-зомбылық жеке бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның өзекті мәселесіне айналып отыр. Осыған байланысты Қостанайда өткен дағдарысқа қарсы форумда аталған проблема кеңінен талқыланды. Қазіргі күні елімізде «Тұрмыс» жедел профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Отбасындағы жанжалдан басталып, зорлық-зомбылыққа ұласатын әрекеттердің салдары кейде ауыр болады. Бұл ретте тек тәртіп сақшылары емес, психолог, яғни барлық уәкілетті органдар бірлесе жұмыс істеуі тиіс.