Ораза – Ислам дініндегі ең ұлық ғибадаттардың бірі. Рамазан айында мұсылман баласы таң атқаннан күн батқанға дейін ішіп-жеуден ғана емес, жаман сөз бен жаман істен де тыйылуы шарт. Бұл – тек аш қалу емес, нәпсіні тәрбиелеу, сабыр мен шүкірді үйрену мектебі. Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында имамдар Рамазан айының рәсімдерін мәлімдеді.
Ораза адамды тақуалыққа жетелейді. Аштық пен шөлді сезіну арқылы пенденің жүрегіне мейірім ұялайды, жағдайы төмен жандардың хәлін түсінуге үйренеді. Сондықтан ораза тұту рухани тазарудың, жан дүниені жаңартудың айрықша мүмкіндігі. Биылғы Рамазан айының алғашқы күні ақпанның 19-ы деп белгіленген.