Қостанайда «Снайперлік шеп» облыстық ату жарыстары өтуде. Үш күнге жалғасатын әскери-патриоттық додаға өңірдің түкпір-түкпірінен келген жас мергендер қатысып жатыр. Олар нысана көздеуден бөлек, қару-жарақты жинау және бөлшектеу бойынша да шеберліктерін көрсетуде.

Сайысқа қатысушылардың бірі – Алтынсарин ауданынан келген Елшат Ерлан. Ол – 10-сынып оқушысы. Жас мерген әскери-патриоттық клубтың белсенді мүшесі. Айтуынша, мұндай жарыстар жасөспірімдерді тәртіпке, жауапкершілікке және шапшаңдыққа баулиды.