Сыр елі, жыр елі Қызылорда төрінде өткен бесінші ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы берген тапсырмаға сәйкес, елді дамытуға бағытталған жұмыстар жалғасын табуда. Осыған дейін өткен төрт құрылтай отырысы берік негізге айналып 26 заң қабылданды. Ал қостанайлық зиялы қауым өкілдері мен экономистер де бұл жолғы өткен отырыстың саяси мәні терең деген пікірде.