Елімізде балалардың әлеуметтік желіге тіркелуіне тыйым салынуы мүмкін. Осы мәселеге қатысты заң жобасы талқылауға шығарылмақ. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында айтылды. Желіге тіркелушілердің жасын анықтауға жасанды интеллект қолданылмақ. Ережені елемегендер жауапкершілікке тартылуы мүмкін.