Қаңтар айы басталғалы Қостанай қаласында үсік шалу бойынша 20 жағдай тіркелді. Ауа температурасының төмендеуіне байланысты тұрғындар медициналық көмекке жиі жүгінуде. Синоптиктердің болжамынша, ай соңына дейін күндіз ауа температурасы –25, ал түнде –33 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Өңірде жедел қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, ал қатты аяз кезінде оқушылар қашықтан оқыту форматына көшірілуде.