Соңғы жылдары «Аңсаған сәби» бағдарламасы оң нәтижесін беріп, өңірде перзент сүйген отбасылардың саны көбеюде. Биыл Қостанай облысына 261 квота бөлінген. Бұл алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 58-ге көп. Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асқан жоба осылайша отбасылық - демографиялық жағдайды жақсартуға ықпал етуде.