Шаңғы спортынан халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Виталий Пухкало мен Наиль Башмаков Қысқы Олимпиада ойындарына жолдама алды. Бапкерлер штабы спортшылардың жарысқа дайындығы жоғары деңгейде екенін айтады. Өңір жұртшылығы да Миланда өтетін ақ олимпиададан жақсы нәтиже күтуде.