Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларына сай елімізді жаңғыртуға бағытталған жүйелі реформалар жалғасып келеді. Ұлттық құрылтайдың алдыңғы төрт отырысында көтерілген бастамалар нақты заңдармен бекітіліп, 26 заң қабылданды. Ал Қызылордада өткен бесінші құрылтайда Президент ел дамуының жаңа бағдарын айқындайтын маңызды ойларымен бөлісті. Бұл бастамалар жөнінде қостанайлық сарапшылар да оң пікір білдіріп жатыр.