Мектептерді барынша қауіпсіз әрі жайлы етіп, буллингтің алдын алу білім беру ұйымдарының басты мақсаттарының бірі. Осы мақсатта QR-код жүйесі енгізілді. Телефон камерасымен кодты сканерлеу арқылы оқушы анонимді түрде өз жағдайын айтып, психологиялық кеңес пен көмек ала алады.