Қостанайда 16 күннің ішінде айлакерлер 22 адамды сан соқтырған. Келтірілген шығын көлемі 19 млн теңге. Қазіргі күннің өзекті мәселесіне айналған интернет алаяқтық бойынша былтыр 1000-ға жуық оқиға тіркеліпті. Полиция басқармасының бастығы осылай деп мәлімдеді.