Қостанай қаласында жаяу жүргіншілер үшін де жүргізушілер үшін де жолдар ыңғайлы. Өткен жылы қалада жол инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған ауқымды жоба басталған болатын. Бүгінде оң жақты бұрылу жолағын салу жұмыстары өз жалғасын табуда. Ол бағдаршамның жасыл түсін күтпестен оңға бұрылуға мүмкіндік береді.