Қостанайда қала аумағында қар тазалау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеп, негізгі көшелер мен жол айрықтарын, қоғамдық орындар мен жаяу жүргіншілер жолдарын қардан тазалауда. Арнайы техника тартылып, тайғақтың алдын алу үшін құм-тұз қоспасы себілуде. Басты мақсат – тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қала қозғалысының үздіксіз болуына жағдай жасау. Осы күнге дейін 350 мың тоннадан астам қар шығарылған.