Облыстық полиция департаменті «ҚазАвтоЖол» АҚ-мен бірлесіп, коммуналдық және жол қызметтерінің қысқы маусымға дайындығын тексерді. Іс-шара барысында арнайы техниканың жай-күйі, жүргізушілермен қамтамасыз етілу және жанар-жағармай қоры назарға алынды. Тексеру нәтижесі туралы толығырақ әріптесіміздің бейнематериалында баяндалады.