Қостанайда автокөлік жолдарының сапасы жыл сайын жақсарып келеді. Қала инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстар өз нәтижесін беруде. Бүгінде шаһарда жолдардың жалпы ұзындығы 423 шақырымды құрайды. Оның ішінде ресми мәліметтерге сәйкес, 398 шақырым жол асфальт төселген, теп-тегіс.