Арқалықта су жүйесін толық жаңартуға республикалық бюджеттен 1 миллиард теңге бөлінді. Екі кезеңмен жүзеге асатын жоба нәтижесінде моноқалада 19,3 шақырым құбыр жөнделеді. Ал осыдан бірнеше жыл бұрын су тазарту станциясында заманауи құрал-жабдықтар орнатылған еді. Осылайша шағын шаһар тұрғындары сапалы тіршілік көзімен қамтылып отыр. Арқалықта қолға алынған бұл бағыттағы жұмыстармен облыс әкімі жеке танысты.