Қостанай облысында жыл басынан бері интернет алаяқтығына қатысты 1200-ден астам факті тіркеліп отыр. Бұл, өткен жылмен салыстырғанда 40 пайызға артық көрсеткіш. Салдарынан келтірілген залал есебі 1,5 млрдқа жеткен. Алаяқтардың айла-амалы сан алуан: жалған интернет-дүкендерден бастап, инвестициялық жобалар, тіпті Telegram-боттар мен жалған банк қоңыраулары арқылы да әрекет етеді.