Қостанай ауданында инватакси қызметіне жүгінетіндердің саны артты. Ерекше қажеттілігі бар жандар жыл басынан бері арнайы көлікті 4 мың рет пайдаланған. Осыдан бірнеше ай бұрын еңбек және халықты қорғау министрлігі бұл саладағы заңға өзгерістер енгізген болатын. Енді инватакси қызметі әлеуметтік портал арқылы қолжетімді болады. Алайда, бұл толықтырулардың игілігі де, кемшілігі де жетерлік. Арнайы көліктің қолжетімділігін қалай арттыруға болады? Бұл сауал қоғамдық тыңдауда талқыланды.