Қамысты ауданында ардагерлерге арналған орталық ашылды. Бұл жаңа нысанды жергілікті билік өлкенің дамуына үлкен үлес қосқан, өңірдің өркендеуіне ерен еңбек сіңірген егде жастағыларға арнайы тарту етіп отыр. Ауданның мерейтойында «Ардагерлер үйіне» қол жеткізген қариялар қауымының қуанышында шек жоқ.