Қостанай облысында есірткі қылмысы азаймай тұр. Соңғы уақытта дәстүрлі есірткі түрлерінің орнын әлдеқайда қауіпті синтетикалық улы заттар басып келеді. Тыйым салынған препараттар көбінесе интернет арқылы тарайды, ал жастардың бұл қылмыстық схемаға тартылу жағдайлары жиілеген. Полицейлер мен медицина мамандары мәселенің күрделеніп бара жатқанын айтады.