Өңірде азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша қолға алынған шаралардың нәтижесінде бағаны бақылауда ұстауға қол жеткізілді. Қорда барлық өнімнің 10-нан астам түрі жеткілікті мөлшерде. Қыс бойы әдеттегідей жәрмеңкелер ұйымдастырылады. Баға да нарықтағыдан 15-20 пайызға төмен болады. Әлеуметтік тауарлардың қолжетімділігі - қазіргі таңда күн тәртібінде тұрған маңызды мәселелердің бірі.