Облыс орталығында Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын, филология ғылымдарының кандидаты Нағашыбай Мұқатовты еске алу кеші өтті. Тағылымды іс-шара ақын рухына деген тағзым мен құрметтің белгісі. «Қазақтың қарапайым бір ұлымын» атты кешке қаламгердің ұрпақтары, әріптестері һәм достары және зиялы қауым өкілдері жиналды. Кеш барысында ақынның өлеңдері оқылып, арнау жырлар мен ескірмес естеліктер айтылды.