Ауыл – қазақ халқының түп-тамыры, ұлттық болмыс пен мәдениеттің алтын бесігі. Қазіргі таңда ауылдық жерлерді дамыту – тек экономикалық ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік, мәдени және демографиялық маңызы зор мәселе. Ауылдардың өркендеуі – бүкіл елдің тұрақты дамуына тікелей әсер етеді. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Облыс әкімдігіндегі отырыс осы тақырыпқа арналды. Тілшіміз толықтырсын.