Қостанай облысында соңғы үш жылда ауыл-аймақты дамыту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда. Жұмыс орындарын ашуға, инфрақұрылымды жақсартуға, бизнесті қолдау бойынша қабылданып жатқан шаралардың барлығы оң нәтиже беруде. Өңір басшысы Меңдіқараға жұмыс сапары барысында іске асырылып жатқан жобалармен танысып, тұрғындармен кездесті.