Биыл құтты мекен - Қамысты ауданының құрылғанына 70 жыл. Мерейтой аясында ауданда ілкімді істер ілгері басқан. Мәселен, баспана құрылысы қарқын алып, 5 пәтердің кілті тұрғындарға табысталды. Жаңа тұрғын үйлер заманауи талаптарға сай салынып, барлық қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. Бұл игі іс ауданның әлеуметтік әлеуетін арттырып, жұмысшы жастарды өңірде тұрақтап қалуға ынталандырады.